«Ғылыми зерттеулердің әдістемелері мен әдістері» пәні 7M01512 - Химия білім беру бағдарламасы негізінде әзірленген.

Бұл оқу-әдістемелік кешен магистранттарға ғылыми зерттеулердің теориялық негіздері мен практикалық әдістерін меңгертуге бағытталған. Пәннің мазмұны ғылыми білімнің әдіснамалық қағидаларын, ғылыми зерттеу бағытын анықтау тәсілдерін, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қамтиды. Сонымен қатар, студенттер ғылыми ақпаратты іздеу, талдау, жинақтау, нәтижелерді өңдеу және рәсімдеу дағдыларын жетілдіреді.

Пәнді оқыту барысында білім алушылар:

- ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың кезеңдері мен әдістерін игереді;

- зерттеу жұмысының өзектілігі мен ғылыми жаңалығын айқындауды үйренеді;

- заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып ғылыми эксперименттерді жоспарлау және жүргізу тәсілдерін меңгереді;

- ғылыми нәтижелерді талдау, жүйелеу, интерпретациялау және ресімдеу біліктерін дамытады.

Пәннің мазмұны магистранттардың зерттеушілік құзыреттерін, педагогикалық және әдістемелік қабілеттерін кеңейтуге, кәсіби өзін-өзі дамыту мен ғылыми-практикалық қызметке бейімделуіне ықпал етеді.

«Ғылыми зерттеулердің әдістемелері мен әдістері» пәні ғылым тарихы мен философиясы, заманауи ғылым мен білім мәселелері сияқты пәндермен тығыз байланысты және магистрлік диссертациялық зерттеулердің ғылыми негізін қалыптастыруға бағытталған.